Елімізде 1-3 наурыз аралығында жауын-шашын, көктайғақ және күшті жел күтіледі, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.
Солтүстік-Атлантика циклонына байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай қозғалып барады. Осы фронттар әсерінен солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлерінде жауын-шашын, боран, көктайғақ, ал солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жететін желдің соғуы күтіледі.
Ал оңтүстік облыстар Каспий циклонына байланысты фронттардың әсерінде болады. "Алдағы үш тәулікте бұлтты, жауын-шашын, көбінесе жаңбырлы ауа райы, таулы аймақтарда күшті қар аралас жаңбыр күтіледі. Температура төмендейді, алайда барлық аумақта климаттық нормадан жоғары болады", − делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews