Қазақстандық қобызшы қыз Ләйлә Тәжібаева Республика күніне ерекше сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қобызшы қыз тік ұшақтан парашютпен секіріп, көкте қалыптап келе жатып қобызда ойнады. Бейнежазбадан желбіреген көк туды да аңғаруға болады.
"Біз парашютпен секіріп қобызда ойнау арқылы Гиннестің рекордтар кітабында орын алуды шештік. Бұл жаңа тәжірибе. Меніңше, парашютпен секіріп көрген адамға бәрі оңай болып көрінеді", - деді Ләйлә Тәжібаева бейнежазбада.
Ләйлә Тәжібаева көкте қалықтап тұрып Ыкыластың "Жез киік"күйін орындады. Желі қолданушылары қобызшы қыздың әрекетіне сүйсініп, оның әрекетін "өте тамаша" сый деп бағалады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!