Көктайғақ, тұман мен бұрқасын: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 6 желтоқсанда еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, ал кей өңірде екпіні күшті бұрқасын жел соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, орталығында тұман сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман.

Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!