- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көктайғақ, тұман. Бүгін...
Көктайғақ, тұман. Бүгін ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК 31 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.
Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік шығысында жел болады, екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.
Абай облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында күші 23 м/с артады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова