Көктайғақ салдарынан Астана мен Щучинск арасындағы автожол жабылды

Көктайғақ салдарынан Астана мен Щучинск арасындағы автожол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 19 қаңтарда сағат 23:00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, температураның төмендеуі, көктайғақ) Астана - Петропавл автожолының 18-232 шақырым аралығында, яғни Астанадан Щучинск қаласына дейінгі учаскеде жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді", - деп хабарлады "ҚазАвтожолдың" баспасөз қызметі. 

Синоптиктердің болжамы бойынша Ақмола облысында түнде және күндіз көктайғақ, боран, оңтүстігінде тұман күтіледі. Бұған дейін Алматы облысында бірнеше автожол учаскелері көрінудің нашарлауына байланысты таңға дейін жабылған болатын. Сондай-ақ ШҚО-да қар көшкініне байланысты тасжол жабылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!