- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көктайғақ, боран. Алдағы...
Көктайғақ, боран. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон әсері, солтүстігінде және солтүстік-батысында Салехард аудандарынан келетін циклон әсері сақталады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қатты қар жауады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, бұл өңірлерде көктайғақ болады.
"Республика бойынша тұман, қарлы боран болып, жел күшейеді. Апта аяғында (11 ақпанға жақын) батыс антициклон сілемі оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, осылайша, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, түнгі температура 8-21 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова