Синоптиктер 9, 10, 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Циклондар мен антициклондар тез өзгеруі ауыспалы ауа райына әсер етеді. Елдің солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып, қар жауады, батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.
"Кезең ішінде бір-бірін алмастыра отырып, Қазақстан аумағына Атлант және Арктикадан ауа массалары ығысады. Осыған байланысты республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 15-25-тен 10-18-ге дейін, оңтүстігінде 10-15-тен, Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25-тен 5-13-ке дейін, таулы аудандарда 16-21-ге дейін аяз болады. Республиканың батысында температура айтарлықтай өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!