Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады

Көкшетаулық зейнеткерлер жаңа жылдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүретін болады
Фото: depositphotos.com

Облыстық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті бекіту жөніндегі сессиясында өңір басшысы жаңа жылдың жаңалығы туралы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірде алғаш рет зейнеткерлерге қоғамдық көлікте тегін жол жүруге қаражат жоспарланған. Сондай-ақ зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеуге қаражат қарастырылған. Барлығы 3 млрд теңге.

Биыл 1 қазанда Көкшетауда 60 жастан асқан қарттар саны 31 644 адам болды.

Айта кетейік, 1 сәуірден бастап Ақтөбеде зейнеткерлер мен III топтағы мүгедектер тегін жол жүре бастады. Ал Шымкентте 1 мамырдан бастап 70 жастан асқан зейнеткерлер мен мүгедек адамдар автобустарда тегін жүреді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қала тұрғындарына беріледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә