- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетаулық тұрғын "бөтелкелесін"...
Көкшетаулық тұрғын "бөтелкелесін" пышақпен жарақаттаған
Көкшетаулық тұрғын "бөтелкелесін" пышақпен жарақаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 тамызда Көкшетау полиция басқармасына облыс орталығының аулаларының бірінде ер адам басқа қала тұрғынына пышақ салғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері дереу келіп, күдіктіні ұстады. Ол 54 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Заттай дәлел, атап айтқанда ас үй пышағы тәркіленді. 43 жастағы жәбірленуші күдіктімен бірге болған кезде алкогольдік ішімдіктерді ішкені анықталды. Кейінірек олардың арасында қақтығыс болып, салдарынан қаскүнем қарсыласына пышақ салған.
Жәбірленуші медициналық мекемеге оң жақтағы кеуде қуысының жарасы диагнозымен жеткізілді. Осы фактіге қатысты полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан