Көкшетауда түнгі клубта әйелдер төбелесіп қалды. Полиция қызметкерлері істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетау құқық қорғау органдарына медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түскен.
Тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады. Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп, екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады.
Бір-біріне балағат сөз айтқан олар төбелеске дейін барды. Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз