- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетаудағы көктайғақ: қалалық...
Көкшетаудағы көктайғақ: қалалық тұрғын үй-коммуналдық шарауашылық бөлімі жауап берді
Көкшетауда көктайғақ мұз салдарынан жүздеген адам жарақат алып ауруханаға жүгінген еді, ал оқушылар апталап мектепке бара алмай қашықтан білім алған болатын. Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі осы мәселеге қатысты ресми сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, биылғы жылға Көкшетауда қала көшелері мен алаңдарын таза ұстауға және тазартуға бюджет қоржынынан 1 154 183 теңге қаражат бөлінген. Мемлекеттік орган өкілдері жыл бойы кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанымен, ауа райына байланысты көп жағдайда тазартып үлгермей жататындарын растады.
"Қала көшелерін тазарту жұмыстары келісімшарт міндеттемелерін орындау шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерімен жүзеге асырылады. Жұмыстар жыл бойы жүргізіледі. Мәселен, "Көкше-Тазалық" компаниясы 114,7 шақырым қала көшелерін оның ішінде 89047 шаршы метр жаяулар жолын, "Зерен-Плюс 2006" 51 шақырым жол мен 67836 шаршы метр тротуарға қызмет көрсетеді. Бұл кәсіпорындардың материалдық және еңбек ресурстары бекітілген талаптарға сай. Биыл мердігер ұйымдар, шынында да, белгіленген мерзімде тазарту жұмыстарын жүргізіп үлгермеді. Жолдарды қардан тазарту және көктайғақтан арылтуға қар көп жауғанда, үлгеруге мүмкіндік болмай қалады. Қыста мердігер ұйымдар тұрақты түрде көктайғақты жою үшін құм мен құмды-тұзды қоспаларды төсеп отырады. Қыста бөлімге жолдарға қатысты үш арыз түсіп, олар қысқа мерзімде орындалды", - дейді бөлім басшысы Әділет Рахимжанов.
Құзырлы орган өкілі көктайғақты тазарту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын жеткізгенімен, көк мұзға жығылғандар саны азаймай тұр.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы