Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы жұлқылап, әжетханада ұрған

Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы жұлқылап, әжетханада ұрған

Көкшетауда балаға дөрекілік танытып, жұлқылаған тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды. Бүлдіршінің анасының айтуынша, балабақша қызметкері ұлын әжетханаға апарып ұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мектепке дейінгі ұйымда болған жағдайдың видеосы ондағы бейнебақылау камерасынан алынған. Бейнежазбаны @eto_kokshetau_detka паблигі жариялады.

Сәбидің анасы қалалық білім бөліміне арыз жазып, сөзін бақылау камерасындағы бейнежазба және ұлының денесіндегі сызаттар түсірілген суреттермен растаған.

Ал тәрбиешінің айтуынша, балалар өзара төбелескен. Бірақ ұлы тәрбиешіден таяқ жегенін айтқан.

Қалалық білім бөлімі "Достық" балабақшасында тәрбиешінің балаға дөрекі қарау дерегі туралы арыз 2022 жылдың 8 қыркүйегінде тіркелгенін растады.

"Осы мән-жайды анықтау үшін білім бөлімінде комиссия құрылды, қызметтік тексеру жүргізіледі, тыңдау тағайындалды. Кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді мемлекеттік мекеме өкілі.

Сондай-ақ, Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

p>

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова