Көкшетауда ұлы әкесін пышақтап тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қарашада Көкшетау полиция басқармасына жедел жәрдем станциясы диспетчерінің қабылдау бөлімшесіне пышақ жарақаты бар қала тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің 21 жастағы ұлы болып шықты. Бұрын күдікті денсаулығына байланысты психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды.
Полиция басқармасы осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!