Көкшетауда түнде көлігімен қауіпті трюк жасаймын деген жүргізуші бір өлімнен аман қалды

Көкшетауда түнде көлігімен қауіпті трюк жасаймын деген жүргізуші бір өлімнен аман қалды
Фото: Видео кадры

Көкшетауда түнде көлігімен қауіпті трюк жасаймын деген жүргізуші бір өлімнен аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Оның көлігі жол жиегіне соғылып, бірнеше рет аударылған, тіпті көпірден құлауға сәл-ақ қалған. Кейін 38 жастағы жүргізуші тізгінде мас күйде отырғаны анықталған.

Ол ереже бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалды, енді 7 жыл бойы көлік тізгіндей алмайды.

"Ер адам көлік салонынан өздігінен шыққан. Қолда бар ақпаратқа сәйкес жол апаты салдарынан ол ауыр жарақат алмаған. Жүргізуші масаң күйде болғаны медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданды", - деді облыстық ПД АСБ аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget