- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда толассыз жауыннан...
Көкшетауда толассыз жауыннан кейін 20 үйді су басты
Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 20 тұрғын үйді су басты. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 29 шілдеде Көкшетауда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 60 аула аумағын жаңбыр суы басқан, оның ішінде 20-сы тұрғын үй.
"Бірден Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының нұсқауымен жедел штаб жұмылдырылды. Жаңбыр суын сору жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінде су сорылды. Жұмыс жалғасып жатыр", - деді ТЖД өкілдері.
Жеке құрамнан 40 адам, облыстық ТЖД-дан 20 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 10 жұмысшы, 4 ассенизатор, 1 экскаватор жұмылдырылған.
6300 текше метр су сорылды. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Д. Шәріпхан