- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда Telegram арқылы...
Көкшетауда Telegram арқылы есірткі тасымалдаушы болған ер адам ұсталды
Көкшетауда есірткі қойып кетушіден гашиш майымен 78 капсула тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері есірткіні жасырын салушының заңсыз қызметін тоқтатты.
Ақмола облысының аумағына келген Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция нәтижесінде ұсталды. Оның мақсаты гашиш майымен капсулаларды жасырын тарату болған. Ер адамды ұстау кезінде бомба деп аталатын жасырын оралған есірткілер табылды. Тергеу барысында полицейлер есірткі затының каннабис сығындысы және гашиш майымен 78 капсуласы бар 2 полиэтилен пакетін тәркіледі.
Бірнеше ай бұрын ер адам Telegram қосымшасы арқылы есірткі құралдарын жасырын салушы ретінде жұмысқа орналасқаны, содан кейін өзінің кураторының нұсқауы бойынша есірткіні жасырын салу үшін Көкшетау қаласына келгені анықталды.
Қазір ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша соталды тергеу басталған. Тергеу кезеңінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова