- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда суши жеткізетін...
Көкшетауда суши жеткізетін курьер 12 жастағы оқушыны көлікпен қағып кеткен
Көкшетауда суши жеткізетін курьер 12 жастағы оқушыны көлікпен қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 716.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан жарақаттары бар жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.
Жол апаты 20 желтоқсанда Красноярск тасжолында болды. Алдын ала ақпарат бойынша көлік жүргізушісі дұрыс емес жерде өтіп бара жатқан 12 жастағы қызды қағып кеткен.
Жол апатына қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады.
"Жүргізушінің айтуынша, қаладағы суши кафелердің бірінде курьер болып жұмыс істейді. Ер адамның сөзінше, көктайғақ салдарынан көліктің жылдамдығы төмен болған, ал қыз тосыннан жолға жүгіріп шыққан, сондықтан ол уақытында әрекет етіп, жол апатының алдын ала алмаған. Дәлелдерді полицейлер мұқият тексереді", - деді ведомство өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова