- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
Ақмола облысында жоғалған банк карталары арқылы жасалған ұрлық анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
7 желтоқсан күні Көкшетау полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданып, өзінің жоғалған банк картасымен бейтаныс тұлғалардың дүкенде 30 мың теңге көлемінде төлем жасағанын хабарлады. Сол күні осыған ұқсас өтініш тағы бір қала тұрғынынан түскен. Оның да картасымен сауда нысандарының бірінде түрлі затты сатып алған.
Полицейлердің жедел іс-қимылының арқасында рұқсатсыз транзакция жасаған тұлғалар анықталды. Қазіргі таңда екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Банк картаңызды жоғалтып алсаңыз, оны дереу банкке хабарлап, рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін картаны бұғаттауды ұмытпаңыз", - деп ескертті полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан