Ақмола облысы Полиция департаменті Көкшетауда "оқушы ұрланғаны" туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде Көкшетау қаласында оқушы ұрланғаны туралы жалған ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда мектептегі жанжалдан кейін оқушы жоғалып кеткені хабарланды. Кейінірек оқушы табылғаны белгілі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз