Көкшетауда “оқушы ұрланғаны“ туралы ақпарат тарады: полиция не дейді?

Көкшетауда “оқушы ұрланғаны“ туралы ақпарат тарады: полиция не дейді?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы Полиция  департаменті Көкшетауда "оқушы ұрланғаны" туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде Көкшетау қаласында оқушы ұрланғаны туралы жалған ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aqmola_pd

Еске салайық, бұған дейін Атырауда мектептегі жанжалдан кейін оқушы жоғалып кеткені хабарланды. Кейінірек оқушы табылғаны белгілі болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget