Көкшетауда Наурыз мейрамына орайластырылған «Қазақстанда жасалған» сауда белгiсiмен ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңкесi өтуде.
Тәуелсiздiк алаңы және «Алтын Ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған азық-түлiк өнiмдерiнiң жәрмеңкесіне Зерендi, Сандықтау, Бурабай, Жақсы, Еңбекшiлдер аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысуда.
Мұндағы азық-түлік өнімдерінің бағасы қала базарларындағы тауарлардан 15-20 пайыз арзанға сатылып жатыр. Сонымен қатар, жәрмеңкеге келушілерге аудандық көркемөнерпаздар ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйлауда.
Дереккөз: baq.kz