- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда мас тұрғын...
Көкшетауда мас тұрғын жолаушысы бар көлікті заңсыз айдап кеткен
BMW автокөлігі Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінің тұрағынан ұрланған. Оның иесі осы уақытта дәмханада болған, алайда оның досы көліктің салонында ұйықтап жатқан, ол көлікті бөтен адам басқарғанын байқамаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушінің айтуы бойынша, 2 қарашада ол өзінің таныстарымен бірге облыс орталығына Астана қаласынан келген. Кешке дәмханада отыруға шешім қабылдағаннан кейін, ол жеке көлігін автотұрақта қалдырған, сол кезде оның достарының бірі көлікте ұйықтап қалып, ол тоңып қалмас үшін, көлігін іске қосып, кілтін көлікте қалдырған. Кейіннен қатты соғылыстан әйнек сынып, досы оянып кетіп, полицияға ұрлау фактісі туралы хабарлады.
Полиция күрделі оқиғаны тексеріп, көлікті ұрлауға қатысы бар адамды анықтады. Ол сол кафеге келушілердің бірі болып шықты. Қала тұрғынының айтуынша, оқиға кезінде ол мас болған және біреудің көлігінде қалай болғаны есінде жоқ. Ол сондай-ақ қатты соққыдан есін жиып қайда екенін түсінбей, жай көліктен шығып, белгісіз бағытқа кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Қазіргі уақытта мұқият тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан