- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда кәсіпкерміз деген...
Көкшетауда кәсіпкерміз деген сылтаумен ақмолалықты алдаған алаяқ ұсталды
Көкшетау қаласының полиция басқармасы бизнеспен айналысамыз деген сылтаумен ақмолалықты алдаған алаяқты құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын бейтаныс жас жігіттің қаңтар айында өзіне тиесілі ақшалай қаражатты алдап иемденіп кеткені туралы арызданды. Жәбірленушінің айғақтары бойынша ер адам оған автокөлік шиналарын сатып алу және сату арқылы ақша табуды ұсынған және жәбірленушіден 3 млн 400 мың теңге сомасында ақша беруін сұраған.
Кейінірек жәбірленушімен телефон арқылы сөйлескенде, ер адам ақша оның қолында екенін және алғашқы мүмкіндікте ол қарызды қайтаратынын айтқан. Алайда осыдан кейін ол келмеген және қайта қоңырау шалмаған, уақыт өте келе ол өтініш берушінің қоңырауларына сирек жауап берген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған тұлға анықталды, одан әрі тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Полиция департаменті Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарын қырағы және мұқият болуға және бейтаныс азаматтарға жеке қаражаттарын бермеуге шақырады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина