Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Көкшетауда "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты.
"Н" азаматшасы жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды, осылайша "Н" іс-әрекеттерімен салымшылардың 291 миллион теңгеден астам сомасындағы қаражаты қаржы пирамидасына тартылды, олар криптовалютаға аударылған және "Платформа CP Group" платформасына есептелген.
Сот үкімімен "Н" азаматшасы кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз