Көкшетауда қалыңдық тест тапсыруға той көйлегімен келген

Көкшетауда қалыңдық тест тапсыруға той көйлегімен келген
Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Көкшетауда жас-жұбайлардың үйлену тойы магистратураға тапсыратын кешенді тестілеумен сәйкес келіп қалған. Тестілеуге қалыңдық той көйлегімен келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.

Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

"Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа-тұс келді. Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауға шешім қабылдаған бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!", - дейді Руслан Емелбаев. 


Фото: instagram.com/ruslan_yemelbayev

Еске салайық, бұған дейін ҰТО басшысы ҰБТ-да түрлі тәсілмен шпаргалка қолдануға тырысқандарды көрсеткен болатын. 

Руслан Емелбаевтың сөзінше, статистика бойынша жыл сайын ҰБТ-дағы ереже бұзушылардың саны азайып келе жатыр. Мәселен, 2019 жылы тестілеуге кіргізу барысында 128 мың, 2020 жылы - 2522, 2021 жылы - 756, 2022 жылы 327 тыйым салынған зат анықталған. Яғни, көрсеткіш 400 есеге азайған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина