- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық
Көкшетауда қалта ұрысы анықталды

Фото:
polisia.kz
Ақмола облысында полиция қызметкерлері телефон ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Көкшетау қаласындағы №12 маршруттық автобустарда болған. Аталған қоғамдық көлікте Красный Яр ауылының кәмелетке толмаған тұрғынынан құны 162 мың теңге тұратын Redmi Note 11 Pro телефоны ұрланған.
Жәбірленушінің анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктінің болжамды деректері мен жеке басын анықтады.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан