- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда жүкті әйел...
Көкшетауда жүкті әйел қайтыс болды: полиция түсінік берді
Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Тіпті әйелді бірнеше рет жедел жәрдем алып кеткен. Қалалық полиция басқармасы болған оқиға туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүкті әйелдің қайтыс болғаны туралы хабарлама кезекші бөлімге 23 желтоқсанда түскен.
"Көкшетау полиция басқармасы 2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 05:53 - те кезекші бөлімге көпсалалы облыстық аурухананың медбикесінен перзентхананың қабылдау бөлмесінде 1989 жылы туған облыс орталығының тұрғыны қайтыс болғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскенін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Бұл факт тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін "Нәрестені де құтқару мүмкін болмаған":Көкшетауда айы-күні жақындаған әйел қайтыс болғаны туралы жарияланған болатын
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы