- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда жоғалып кеткен...
Көкшетауда жоғалып кеткен полицей өлі табылды
Көкшетауда жоғалып кеткен Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, бүгін полицейлер мен басқа да арнайы қызмет өкілдері іздестіріліп жатқан полицей, Зеренді полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт элеватор аймағындағы Қылшақты өзенінен табылған", - делінген жазбада.
Бейнекамералар оның жүрген жерін 21 маусымға қараған түні тіркеген. Бұл аймақ 2 күн бойы қаралған, өзеннен де іздестірілгені айтылды.
Ақмола облысының Полиция департаменті мәліметінше, алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмаған. Сараптама тағайындалғаны айтылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Жоғалған ер адам туралы арыз қалалық полиция басқармасына 23 маусымда келіп түскен. Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ер адам үйден шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан