Ақмола облысында жоғалған бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, 8 қазанда кезекші бөлімге Көкшетау қаласында кәмелетке толмаған бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Іздеу жұмыстарына ТЖД мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Іздестіру барысында бала ашық құдықтан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
"Қылмыстық іс қозғалды (соталды тергеу басталды - еск.). Оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова