Көкшетауда жоғалған әйел өлі табылды

Көкшетауда жоғалған әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4 шілдеден бастап полиция мен еріктілер іздеген әйелдің денесі табылды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында LIDER.KZ ұйымның еріктілері айтты.

1991 жылы туған Алина Матушко 4 шілдеде Көкшетауда жоғалып кеткен болатын. Ол Абай 139а/210 мекен-жайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Жоғалған адамның денесі 6 шілдеде табылды. Оқиғаға не себеп болғаны нақтыланбаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!