Көкшетаулық өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйді өрттен аман қалып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Көкшетау қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 10 шаршы метр аланда ас үй бөлмесінде оттың үйдің шатыры жанып, төтенше жағдай туындады.
"Оқиға кезінде құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт шақырту түскен сәттен кейін 37 минут ішінде жойылды. Аталған оқыс жағдайдан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай жағдай орын алған мезетте бірден 101 және 112 нөмеріне хабарласуды ұсынады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!