- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда жасөспірім 12-қабаттан...
Көкшетауда жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетпек болды
Көкшетауда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпарат 9 мамырда сағат 16:10 шамасында ЖБО-ға түскен. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген.
Оқиға орнына патрульдік полицейлер Бейбіт Садықов пен Әділхан Қойбағар дереу келді. Алғашқылардың бірі болып полицияның тірек пунктінде болған қызметкер Нариман Нұржаксин келді. Жағдайды бірден бағалаған полицейлер ойланбастан жоғарыға қарай жүгірген.
12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, қыз балаға төмен түсуге көмектесті. Қазір полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина