6 қазанда Көкшетау тұрғынынан полиция басқармасына қыркүйек айының ортасында үйден кетіп, оралмаған анасын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш түсті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам екі аптадан астам уақыт бойы анасын өз бетінше іздеген, бірақ таба алмаған. Кейінірек полиция мен еріктілер іздеуге қосылды.
Тәртіп сақшылары түрлі медициналық мекемелерді, қонақүйлерді, вокзалды қарады. Таныстары мен туыстарынан сұрастырды.
"Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оның үйден не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!