• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

Көкшетауда ер адам қар сырғанағын бұзғаны үшін 16 жастағы баланың бетінен ұрған

Көкшетауда ер адам қар сырғанағын бұзғаны үшін 16 жастағы баланың бетінен ұрған
Фото: depositphotos.com

Көкшетауда ер адам қар сырғанағын бұзған 16 жастағы жасөспірімді ұрған. Ол ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімге дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша жанжал көпқабатты үйдің ауласында болған. Айғақтарға сәйкес, өзі жасаған қар сырғанағының бұзылуына наразы болған ер адам жасөспірімнің бетіне соққы берген. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция дереу болған оқиғаның мән-жайын тексеруге кірісті. Келтірілген зиянның ауырлығын анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Полиция кәмелетке толмағандарға физикалық күш қолдануға жол берілмейтінін және жауапкершілікке тартылатынын еске салады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова