Көкшетауда екі бірдей шағын аудан сусыз қалды

Көкшетауда екі бірдей шағын аудан сусыз қалды
Фото: pixabay.com

Көкшетаудың шеткі жағындағы Боровской, Юбилейный шағын аудандары тұтастай сусыз қалды. Тұрғындар судың бес  күннен бері іс жүзінде мүлде жоқ екенін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көкшетау Су арнасы" коммуналдық кәсіпорны бұл жағдайға өздерінің қатысы жоқ екенін жеткізді. Тұтас шағын ауданның бірнеше күн бойы сусыз қалуына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің су құбырын жарып алуы себеп болыпты. 


"Мердігерлер Қуанышев көшесінде 196,198 мекенжайлары бойынша жұмыс жүргізіп жатып Д-160 полиэтилен құбырды зақымдап алған болып шықты. Салдарынан Боровской, Юбилейный  шағын аудандары уақытша судан ажыратылды. Аталған ақауды мердігер өз есебінен  жөндеуге уәде берді. Бірақ өз бетімен жөнге келтіре алмады. Көмекке "Көкшетау Су Арнасы" бригадасы жіберілді, - дейді "Көкшетау Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорнынан.

Коммуналдық кәсіпорын бүгін түнге дейін жарылған құбырды жөнге келтіруге уәде етіп отыр.


Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы