Көкшетауда бес жасар баланы көлік қағып кетті
Көкшетауда бес жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 шілдеде сағат 18:52-де Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне медицина қызметкерлерінен "ЖБМЖ, МШ, төменгі жақтың сынуы, төменгі еріннің жаралары" диагнозымен зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары орталық базар аумағында бес жасар баланы көлікпен қағып кеткені анықталды.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат - Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы. Тексеру барысында Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмегені және соққының салдарынан нәрестені артқа қарай лақтырып жібергені анықталды. Ата-аналар баланың алдында жүріп келген.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы") бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сараптама тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан