Көкшетау қаласында Абай көшесіндегі батут орталығының сауна үй-жайындағы 60 шаршы метр алаңда өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баспалдақ маршымен қызмет көрсету персоналмен 40 адам эвакуацияланған.
"Оның ішінде 22 бала, өрт сөндіру бөлімшелерімен 20 адам, соның ішінде 8 бала бар. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған мәліметте.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан 31 адам және 9 техника шыққан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!