Көкшетау прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы тексеру қорытындысы бойынша қорғаншылықтағы 9 жастағы қыздың ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспағаны және қажетті медициналық көмек алмағаны анықталды.
Қазіргі уақытта қыз бала көптеген аурулармен "Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" ШЖҚ МКК-ға орналастырылды, қамқоршы өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!