- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда аутизмге шалдыққан...
Көкшетауда аутизмге шалдыққан балалардың көрмесі өтті
Бүкіләлемдік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күніне орай, Көкшетау қаласында «Радуга» ойын-сауық шарасы өтті.
Шарада балалардың туындыларынан жасалған көрмесі, «Әке, анам, мен ...» байқауы, «Біз жеңеміз!» слайд шоуы, аниматорлармен қимыл-қозғалыс және сабын көпіршіктері ойындары өткізілді. Ал Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, «Мирас» қоғамдық қорының басшылары мен «Думан» педагогикалық отрядының өкілдері қатысып, балаларға сыйлықтарты табыстады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың төрағалығымен аутизмнен зардап шегетін балаларға кешенді көмек көрсету бойынша арнайы жұмыс тобының отырысы өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда №1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында оқитын 250-гу жуық оқушының отызға жуығы аутизм дертіне шалдыққандар.
Бастамашыл топ аутизм белгісі бар балалардың отбасыларын қоғамдық орындарда кездестірген жағдайда өз-өзін қалай ұстау керектігін халыққа хабардар ету үшін парақшалар, ақпарат постерлерін басып шығарып, қала тұрғындары көп жүретін жерлерге іліп қойған.
А. Рысдәулет