Көкшетауда әлеуметтік тұрғын үй салу кезінде 200 млн теңгеден аса бюджет қаржысы желге ұшқан

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

2021 жылы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен "Айдана-ИК" ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден аса сомаға келісімшарт жасалған.

Мердігер аванс алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттар ұсынған.

Шығын көлемі

Кейін тапсырыс беруші ЖШС-ға 211 млн теңге көлемінде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған. Салдарынан нысандар пайдалануға берілмеген.

Бюджет қаражаты жеке қажеттілікке, контрагенттермен есеп айырысуға жұмсалған, сондай-ақ, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдікті қамауға алынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!