Көкшетауда 8 адамды терезе орнатамын деп алдап, кейін ақша жымқырған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Сарыарқа шағынауданында тұратын 8 тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.
Зардап шеккендердің барлығы 2022 жылы желтоқсанда пластикалық терезе орнататын адамға алдын-ала төлем жасағанын, алайда ол өз міндетін орындамағанын және жоғалып кеткенін айтқан.
Полицейлер бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 190- бабы (Алаяқтық) бойынша соталды іс жүргізуді бастады. Қылмыстың жасалу мерзімін ескере отырып, күдіктіні анықтау қиын болған.
Алайда биыл сәуірде жедел іздестіру шараларынан кейін СҚО-ның 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті өз ісін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!