- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жылу маусымындағы ақау
Көкшетауда 450 үй жылусыз қалды
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Ақмолалық құтқарушылар коммуналдық қызметтерге көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көкшетауда жылу станциясының қуат кабелінің зақымдануына байланысты 450 абонент жылусыз қалды.
ТЖМ құтқарушылары жылу сорғы станциясының қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті электр қуатын беретін көп мақсатты өрт сөндіру-құтқару көлігін қосты.
Ведомство мұндай іс-шаралар жақында өткен "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларында пысықталғанын атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан