ТЖМ қызметкерлері 4 жасар баланы құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін Көкшетау қаласының көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала пәтер ішінде жабылып қалған.
"Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, баланы ата-анасына аман-есен табыстады. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!