Көкшетаудағы Қопа көлінде 37 жастағы ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай шомылуға тыйым салынған жерде болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ер адам мас болған. Куәгерлердің айтуынша, суда ер адам мен әйел қатар бата бастаған. Жағалауда демалып жүрген адамдар әйелді судан шығарып үлгергенімен, ер адамды құтқару мүмкін болмаған", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуге және алкоголь ішкеннен кейін шомылмауға шақырды.
Құтқарушылар су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың көбі осы қарапайым талаптарды сақтамаудан болатынын атап өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz