- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда 20 көпқабатты...
Көкшетауда 20 көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды
Көкшетауда Ақан сері көшесі 172 мекенжайында "Табыс" дүкенінің жанында су құбыры жарылып, ондаған тұрғын үй сусыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су құбыры жарылуының салдарынан осы көше бойындағы 20 көпқабатты тұрғын үй кешені мүлде сусыз қалған. Қала әкімдігі қазір коммуналдық кәсіпорындармен апатты жою жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.
"Бес арнайы АСМ техникасы мен 5 слесарь жұмысшылар жұмылдырылған. Ақан сері көшесі Елемесов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі 20 көпқабатты тұрғын үй судан ажыратылды", - дейді Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.
Қазіргі уақытта апаттан жою жұмыстары жүріп жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz