- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда 16 жастағы...
Көкшетауда 16 жастағы қыз жоғалып кетті
Ақмола облысының полицейлері 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 сәуірде Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғынынан 2006 жылғы кәмелетке толмаған сіңлісі Тойбазар Лейла Асхатқызын іздестіруге жәрдем беру туралы өтініш түскен. Ол 4 сәуір күні сағат 16:00 шамасында үйден шығып кеткен.
Белгілері: бойы 150-155 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара, қысқа, көзі қоңыр.
Үстінде күңгірт жасыл түсті күрте, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка.
Жоғалған қыз туралы қандай да бір дерек білетіндер Көкшетау полиция басқармасына, Сәтпаев көшесі, 1а мекенжайына немесе телефон арқылы хабарлай алады: 8-(7162)-25-78-05, 8-747-352-16-95 немесе 102.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан