- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда 1500 домбырашы...
Көкшетауда 1500 домбырашы бір мезетте күй тартты
Көкшетауда 1500 домбырашы бір мезетте күй тартты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Көкшетауда ұлттық домбыра күніне орай ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Орталық алаңға 1,5 мыңға жуық домбырашы жиналып, қазақ күйлерін орындады.
Көкше топырағы әлмисақтан сал-серілер мекені атанған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың барлығы осы қасиетті мекенді ән мен жырға бөлеп өткен. Сол серілердін ізін жалғаған, қос ішіектің құлағында ойнайтын ақмолалық әншілер мен күйшілер Көкше төрінде бас қосып отыр.
Айта кетейік, ұлттық домбыра күні тек облыс орталығында емес, барлық ауданда да атап өтіліп жатыр. Жалпы шараға тек кәсіби күйшілер емес, сонымен қатар, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады. Бұдан бөлек, орталық алаңда домбыра көрмесі де ұйымдастырылған. Ал мерекелік шара кешке дейін жалғасын табады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова