- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетауда 10 жастағы...
Көкшетауда 10 жастағы бала бір жасар інісін құтқарып қалды
Көкшетауда 10 жастағы батыр ТЖМ медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысы ТЖД-да көрсеткен қайсарлығы үшін Артур Гаитовты марапаттау рәсімі өтті.
"Артур Гаитов төтенше жағдай кезінде абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өртсөндірушілерді шақырған. Кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген", - деп жазылған хабарламада.
Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов ҚР ТЖ министрінің жарлығымен 10 жастағы батырға "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін табыстады.
Оқушы болашақта құтқарушы болуды армандайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова