- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көкшетау тұрғынын бірнеше...
Көкшетау тұрғынын бірнеше рет несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды
20 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс тұрғынына қорқыту және зорлық-зомбылықты қолдану арқылы бірнеше рет тауарлық және ақшалай несиелер рәсімдеуге мәжбүр еткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, шығын көлемі - 1,5 миллион теңге.
"Бұл факт ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің өзге мән-жайлары анықталуда. Осы баптың санкциясы үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - делінген полиция хабарламасында.
Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова