Көкшетау тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін 1,5 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның құрбандары өз отбасының мүшелері, туыстары мен достары болған. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 2021 жылы бұл азамат өзінің жақын адамдарына ақша қаражатын инвестиция ретінде салуды ұсынған. Оның орнына салымшыларға енгізілген соманың көлемі артады деп уәде еткен.
Алданғандардың арасында ұсталған тұрғынның жұбайы, оның ата-анасы, жақын достары, сыныптастары мен таныстары болған. Аз уақыт ішінде алаяқ 9 адамнан 67 миллион 229 мың теңгені алдап алған. Ақшаны өз қажетіне жұмсаған.
Полицияға арыздар түскеннен кейін, 2022 жылы алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, алайда 27 жастағы күдікті қашып кеткен. Сол жылдың шілдесінде ер адам мемлекетаралық іздестіруге жарияланды.
31 қаңтарда Көкшетауда полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!